ИНЧХОН-2014: Қазақстан қоржынына 21-ші алтын салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Каратэден 55 келіде Андрей Ақтау Азия ойындарының чемпионы атанды. Бұл туралы «Аламан» ұлттық спорт порталы хабарлайды.
Андрей Ақтау 1/8 финалда Теодоро Сатурмино Колиды (Шығыс Тимор) 8:0, ширек финалда брунейлік Фидаи Саниф Мұхамадты 6:2 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда ол қытайлық Жингчао Санды 7:0 есебімен ұтып, финалда Абдулу Имубарак Әлхарбиден (Сауд Арабиясы) басымдылығын байқатты.