ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Берік Әбдірахманов алғашқы сайыста сәтсіздікке ұшырады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында бокс сайыстары басталды. Өкінішке қарай, 60 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық Берік Әбдірахманов сәтсіздікке ұшырады, деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясынан.
Берік атағы шыға қоймаған иорданиялық Мұстафа Алькасбехтен 1:2 есебімен жеңілді.
Ертең бокстың екінші күні тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Ілияс Сүлейменов (52 келі) 1/16 финалда тайландтық Чатчай Батдимен бақ сынасады.