ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов финалға шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында бокс сайыстарының жартылай финалдық кезеңінің кешкі сессиясы басталды.
Қазақстандық былғары қолғап шебері, 2013 жылғы Әлем чемпионы Біржан Жақыпов (49 кг) Seonhak Gymnasium аренасының шаршы алаңында қырғызстандық боксшы Тұрат Осмоновпен кездескен болатын.
Отандасымыз қарсыласын бет қаратпай 3: 0 (3:0 (30:27, 30:27, 30:27) есебімен жеңіп, финалға шықты, деп хабарлайды Қазақстанның бокс федерациясынан.
Біржан Жақыпов ертең - 3 қазан күні ақтық сында Джонгун Шин (Южная Корея) - Марк Баррига (Филиппины) жұбының жеңімпазымен кездеседі.