ИНЧХОН-2014: Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жартылай финалға өтті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында бокс сайыстарының ширек финалдық кезеңі ойналды.
Қазақстандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы 75 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңда сириялық Седжад Мехрабимен қолғап түйістірді. 2013 жылғы Әлем чемпионы қарсыласын 3:0 (30:27, 30:27, 29:28) есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Енді Жәнібек алдағы 2 қазан күні өтетін жартылай финалда үндістандық Кришан Викашпен кездеседі. Ол өз кезегінде өзбек Шұршидбек Норматовтан басым түсті.