Инчхон-2014: Қазақстандық гандболшылар Гонконг спортшыларын тас-талқан етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында «В» тобында өнер көрсетіп жатқан Қазақстанның гандболдан қыздар құрамасы гонконгтықтарды 40:13 (19:8, 21:5) есебімен ойсырата ұтты, деп жазады Sports.kz.

Инчхон-2014: Қазақстандық гандболшылар Гонконг спортшыларын тас-талқан етті

Ертең жерлестеріміз Өзбекстан құрамасына қарсы ойнайды.

Айта кетейік, көрші ел спортшылары бұған дейін Мальдив Республикасының құрамасын өте үлкен есеп айырмасымен жеңген - 57:7.