ИНЧХОН-2014: Қазақстандық қыздар командалық атудан Азиаданың «қола» жүлдесін еншіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Инчхонда винтовкадан 50 метр қашықтықтан үш жағдайда оқ атудан бәсеке жалғасып жатыр, деп хабарлады sports.kz.
Ойындардың алтын жүлдесін қытайлық нәзік жандылар жеңіп алды, «күміс» Оңтүстік Корея командасына бұйырды.
Құрамында Ольга Довгун, Елизавета Лунина мен Александра Малиновская бар Қазақстан командасы Азияданың қола жүлдегері атанды.
Оқ ату. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея) Әйелдер. Винтовка. Үш жағдайдан (қалыптан) ату. 50 м. Командалық жарыс.
1. Қытай - 1737 2. Оңтүстік Корея - 1734 3. Қазақстан - 1727.