ИНЧХОН-2014: Қазақстанның қоржынында 7-ші алтын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Инчхонда винтовкадан 50 метр қашықтықта үш жағдайда оқ атудан бәсеке жалғасып жатыр, Қазақстандық қыздар командалық атудан Азиаданың «қола» жүлдесін еншілесе, команда құрамындағы Ольга Довгун жекелей сында жаңа ғана алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлады қытайлық БАҚ.

ИНЧХОН-2014: Қазақстанның қоржынында 7-ші алтын

Айта кетейік, бұл Қазақстанның қоржынындағы 7-ші алтын. Дәл қазіргі уақытта біздің спортшылардың еншісінде 8 күміс, 17 қола бар. Жалпы, 32 медальмен командалық есеп бойынша 4-ші орындамыз.