ИНЧХОН-2014: Ж.Шекербекова әлемнің 5 дүркін чемпионынан айласынан асыра алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 17-ші Азия ойындарында Қазақстан боксшысы Жайна Шекербекова күміс медальді еншіледі, деп хабарлады ҚР Бокс федерацииясының баспасөз қызметінен.

ИНЧХОН-2014: Ж.Шекербекова әлемнің 5 дүркін чемпионынан айласынан асыра алмады

«Қазақстандық боксшы қыз Жайна Шекербекова өкінішке орай, Азия ойындарының финалдық кездесуінде жеңіске жете алмады. Шешуші сайыста ол үндістандық Мэри Комға есе жіберді», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, Жайнаның бұл қарсыласы - әлемнің бес дүркін чемпионы.

Ертең, ерлер арасындағы жартылай финалдық кездесулер өтеді. Бұл сында Қазақстан тарапынан 8 спортшы сайысқа шығады.