ИНЧХОН-2014: Жәнібек Әлімханұлы Азия ойындарының жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокстан финалдық жекпе-жектер өтуде.

ИНЧХОН-2014: Жәнібек Әлімханұлы Азия ойындарының жеңімпазы атанды

75 келі салмақта қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы иорданиялық Адель әл Хиндавимен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Есеп 3:0 (30:26; 30:26; 30:26). Енді шаршы алаңға Әділбек Ниязымбетов, Антон Пинчук және Иван Дычко шығады. Айта кетейік, бұл Қазақстан қоржынындағы 24-ші алтын медаль, деп хабарлайды «KAZsport» телеарнасы.