13:10, 24 Желтоқсан 2017 | GMT +5
Индонезия әуежайында Boeing ұшағы жүк көлігімен соқтығысып қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапурлік SilkAir ұшағы Индонезиядағы Медан әуежайынан ұшар алдында жүк көлігімен соқтығысып қалды. Борттағы 163 жолаушының ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлайды.

Компания өкілінің айтуынша, оқиға 23 желтоқсан күні болған. Boeing 737 ұшып-қону жолағымен қозғалып келе жатқанда ұшақ фюзеляжының орта тұсына жүк көлігі соғылған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жолаушыларға Сингапурден жаңа ұшақ алдырылды.
Висну Ситиантно әуежайының ресми өкілі жергілікті Detik порталына берген сұхбатында, оқиға себептерінің бірнеше нұсқасы қаралып жатқанын, оның ішінде көлік жүргізушісі мен ұшқыштардың да қателігі бар екендігін айтқан.