Индонезия әуежайында екі жолаушылар ұшағы соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиялық Суматра аралында Медан қаласы Куаланаму халықаралық әуежайында екі жолаушылар ұшағы қанаттарымен соқтығысып қалды, деп хабарлады Лента.ру.
None
None

Оқиға 3 тамызда ұшу-қону жолағында болды. «Lion Air» лайнері қонар кезінде ұшуға әзірленіп жатқан «Wings Air» еншілес компаниясының әуе кемесімен соқтығысып қалды.

Екі лайнер де ішкі рейстерді орындаған. «Lion Air» ұшағының бортында 144 адам, «Wings Air» ұшағында 66 адам болған. Ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Екі әуе кемесіне де зақым келді. Оқиға салдарынан әуежай жұмысы 20 минутқа бұзылды.

Соңғы жаңалықтар