Индонезия бокстан Азия біріншілігін өткізуден бас тартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия бокстан «сары құрлықтың» басты додасы - Азия біріншілігін өткізуден бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (AIBA) күнтізбесі бойынша, бұл біріншілік биыл Индонезияда өтуі тиіс болған. Бірақ бұл ел қаржылық қиындықтарға байланысты жарыстарды қабылдаудан бас тартты. Сол үшін AIBA күнтізбеге өзгерістер енгізіп, бұл бәсекені өзге елде өткізуге шешім қабылдады.
Сонымен, Азия біріншілігі биыл 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін болып шешілді.
Айта кетейік, Ташкент осымен Азия біріншілігін үшінші рет қабылдағалы жатыр. Бұл қалада «сары құрлықтың» басты додасы тұңғыш рет 18 жыл бұрын - 1999 жылы өткен еді, екіншісі - 1995 жылы.