13:11, 02 Шілде 2009 | GMT +5
Индонезия доңыз тұмауынан құтылудың жолын қарастыруда
МӘСКЕУ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Доңыз тұмауының таралуына байланысты Индонезия үкіметі қауіпсіздіктің теңдессіз шараларын қолдануда,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Бұдан былай Индонезияға тұмау шыққан елдерден келгендердің әрқайсысы (бүгінгі күні олардың саны -120) медициналық маска киіп жүруге міндетті. Олар барлық бақылау-өткізу пункттерінде тегін таратылады. Сонымен қатар, барлық жолаушылар міндетті түрде термалдық сканерлеу ресімінен өтуі және денсаулығының жай-күйі туралы декларация толтыруы тиіс.