Индонезия елордасында екі қонақүйде бомба жарылды
АСТАНА. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат - Индонезия елордасы - Джакарта қаласында екі қонақүйде жарылыстар болды,
деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Куәгерлердің айтуынша, Ritz-Carlton қонақүйінің қасбеті қатты зардап шеккен. Әр жерде ғимарат сынықтары мен терезе шынылары шашылып жатыр. Қазір оқиға орнынан жаралылар көшіріліп жатыр. Қонақүйлерге жедел жәрдем машиналары келіп жатыр.
Алдын-ала мәліметтер бойынша, екі қонақүйдегі жарылыстардың салдарынан 8 адам қаза болды. Полиция өкілдерінің айтуынша, олардың ең аз дегенде, төртеуі - шетелдік азаматтар. Кейбір мәліметтер бойынша, жараланғандар - 36 адам.
Джакартадағы Marriott қонақүйі 2003 жылы лаңкестік әрекеттің нысаны болған еді. Ол жолы 12 адам қаза тапты. Ол жарылыс үшін жауапкершілікті «Джемаа Исламия» исламшыл тобы алған болатын.