Индонезия президенті өз есебінен эконом-класпен ұшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда әлеуметтік желілерді пайдаланушылар билетті өз қалтасынан сатып алып, Сингапурға эконом-класпен ұшқан елдің жаңа президенті Джоко Видодоның әрекетін талқылауда.
Президенттің айтуынша, жол жүру өз қажетіне керек болған, ол ұлының орта мектепті аяқтағанын мерекелеуге барған.
Алайда президентті жеті оққағар сүйемелдеп барған. Оларға билет мемлекет есебінен сатып алынды.
Әлеуметтік желілерде президенттің әрекеті әр түрлі пікір тудырды: бірқатары президентті мақтаса, енді бірі пиарға санады.
Ұлы оқыған мектепте Джоко Видодо түлектермен суретке түсуден бас тартпаған, деп жазады шетелдік БАҚ.