Индонезия жағалауларында қуатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. 16 тамыз. ҚазАқпарат - 16 тамызда Индонезия жағалауларында қуатты жер сілкінісі болды. Бұл туралы РБК Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлады.

Индонезия жағалауларында қуатты жер сілкінісі болды

Алдын ала бағамдау бойынша, жерасты дүмпуінің тербелісі 6,5 балғла жеткен. Жер сілкінісінің ошағы Үнді мұхитында, Суматра аралында орналасқан Бинтан қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 547 шақырым қашықтықта, 10 км тереңдікте тіркелді.

Цунами қаупі туралы әзірге хабарланған жоқ. Зардап шегушілер мен қирандылар туралы ақпарат түспеді.

Еске сала кетейік, сәуір айының басында Индонезияда тербелісі 7,1 балл тағы бір қуатты жер сілкінісі болған еді. Зілзала ошағы 24 км тереңдікте, кіндігі Ява аралынан оңтүстікке қарай 200 шақырым қашықтықта орналасты.