Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі болды

АСТАНА. 30 қазан. ҚазАқпарат - Индонезияның жағалауында магнитудасы 5,3 балдық жер сілкінісі болды.

Индонезия жағалауында  қуатты жер сілкінісі болды

Бұл туралы АҚШ-тың Геологиялық қызметінен хабарлады.

 Жер сілкінісінің ошағы 54,5 шақырым тереңдікте, ал зілзала кіндігі Сиболга қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 96 шақырым жердегі Суматра аралында, Медан қаласынан 297 шақырым жерде болды.

 Бірнеше сағаттан кейін аймақта тағы бір күшті дүмпу тіркелді. Оның эпицентрі 9,7 шақырым тереңдікте орналасты, ең жақын Флорес аралындағы Энде қаласына дейінгі қашықтық 208 шақырымды құрады. Цунами қаупі, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы деректер түсе қойған жоқ.