Индонезия жағалауында күшті жер сілкінісі болды

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Индонезияның Суматра аралының жағалауында магнитудасы 7,3 жер сілкінісі болды.
None
None

Жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 22:37-де тіркелді, деп хабарлайды РосБизнесКонсалтинг.

АҚШ геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, жер сілкінісінің кіндігі Банда-Ачех қаласының оңтүстік-батысына қарай 420 шақырым қашықтықта болған. Зілзала ошағы 29,1 шақырым тереңдікте орналасқан.

Ел билігі болуы мүмкін цунами туралы ескерткен болатын, жағалаудағы аудандардан адамдарды көшіру басталды. Бірақ кейінірек Индонезия билігі болуы мүмкін цунами туралы ескертуді алып тастады.

Қаза тапқандар мен қиратулар туралы ақпарат әзірше түскен жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қарашасында Индонезияда күші 6,6 балдық  жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері Тынық мұхитында, Сулавеси аралының қасында тіркелген. Бұдан бір ай бұрын 6,1 магнитудалы жер сілкінісі Бали аралында болды. Табиғи апат салдарынан жарым-жартылай кеңселік ғимараттар, мектептер, ежелгі ғибадатханалар бұзылды.

Соңғы жаңалықтар