Индонезия жағалауында паром апатқа ұшырап, 10 адам мерт болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда Орталық Сулавеси провинциясы жағалауында паромның апатқа ұшырауы салдарынан кем дегенде 10 адам мерт болып, 11 адам із-түзсіз жоғалды. Бұл туралы сенбі күні Kyodo агенттігі жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.

Индонезия жағалауында паром апатқа ұшырап, 10 адам мерт болды

Бортында 147 жолаушы болған паромда өрт шығып, артынша кеме суға батып кеткен.Өрт жұма күні жергілікті уақытпен сағат 16:45-те басталған, алайда құтқарушылар ауа райының қолайсыз болуына байланысты үш сағат өткеннен кейін ғана келген.

Паромның 126 жолаушысы құтқарылды. Олардың жағдайы, сондай-ақ өрттің неден шыққаны туралы ақпарат әзірге жоқ.

Фото: Global Look Press/Mustafa Syahril