Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Индонезия жағалауында паром өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның жағалауында, Джакартаның шет жағына таяу маңда 100- ге жуық  жолаушы мінген паром отқа оранды. 

Индонезия жағалауында паром өртенді

Тілсіз жау 23 адамның өмірін қиып кетті,  10 -нан астам жараланған адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Associated Press .

Сал Джакартадан Мың арал округіндегі курортты арал - Тидунға бағыт алған.

Өрттің неден шығуы себептері әзірге айтылмай отыр.