Индонезия жағалауында тербелісі 7,9 жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезиялық Суматра аралының жағалауында тербелісі 7,9 қуатты жер сілкінісі орын алды, деп хабарлады АҚШ Геологиялық қызметі.
Жапа шеккендер және ғимараттардың бұзылғаны жайлы ақпарат келіп түскен жоқ.
Қызмет ақпаратынша, жер дүмпуінің ошағы Паданг қаласынан шамамен 800 километр жерде, 10 шақырымға жуық тереңдікте орналасқан.
Билік Батыс Суматра, Солтүстік Суматра және Ачех провинцияларында цунами болу қаупі жайлы хабарлады.
Австралияның метеорологиялық бюросы Кокос аралдары мен Рождества аралдарының тұрғындарына ескерту жариялады.