Индонезия жағалауында жер сілкінді
АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - Индонезия жағалауында қуаты Рихтер бағамы бойынша 6,2 балдық жер сілкінісі болды.
АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінің мәліметтері бойынша, зілзала кіндігі Саумлаки қаласынан 295 шақырымдай жерде тіркелген. Жерасты дүмпуінің ошағы 128 шақырым тереңдікте орналасқан. Құрбан болғандар мен орын алған қираулар туралы мәліметтер әлі түскен жоқ, деп хабарлайды РБК агенттігі.
Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылы қыркүйектің 30-ы күні Суматра аралында күші 7,2 балдық жер сілкінісі болып, апат салдарынан 1 мыңнан астам адам мерт болған еді.