08:48, 14 Ақпан 2018 | GMT +6
Индонезия жағалауында жойқын жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Индонезияның Транган аралы жағалауларында 5,5 магнитудалы жер сілкінісі болды. Бұл жайлы АҚШ-тың Геологиялық қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
Оның мәліметінше, зілзаланың ошағы Туал қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 119,9 шақырым, Набир қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 347,3 шақырым қашықтыққа тура келген. Жер дүмпуі 10 шақырым тереңдікте болған.
Зілзала салдарынан цунамидің болуы немесе қирауға қатысты әзірге ақпарат келіп түскен жоқ.