Индонезияда 17 шахтер қаза болды
МӘСКЕУ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат – Суматра аралының батыс бөлігінде көмір шахтасындағы жарылыстың салдарынан кемінде 17 адам қаза болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап.Жергілікті өкімет орындарының мәліметтеріне қарағанда, тағы 20-ға тарта адам үйінділердің астында қалған. Оқиға орнындағы іздестіру және құтқару жұмыстары шахтаның терең болуы және шығарынды газ исінің салдарынан қиындап отыр.