11:30, 03 Тамыз 2015 | GMT +5
Индонезияда 174 жолаушысы бар ұшақ қону жолағынан шығып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Citilink әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы жексенбі күні индонезиялық Паданг қаласының әуежайына қону кезінде ұшу-қону жолағынан шығып кетті, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлады Рейтер агенттігі.

174 жолаушысы бар ұшақ Индонезия астанасы Джакартадан Паданг қаласына бағытталған. Оқиға салдарынан әуежай жұмысы уақытша тоқтатылды.