11:17, 07 Сәуір 2012 | GMT +5
Индонезияда 5,5 балл тербелісімен жер сілкінді
АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Индонезияда 5,5 баллдық күшпен жер сілкінді, деп хабарлады РБК.

АҚШ-тың Геологиялық қызметінен хабарланғандай, жерасты дүмпулері 5,5 шақырым тереңдікте тіркелді, зілзаланың кіндігі Бенгкулу қаласынан 210 шақырым жерде орналасты.
Құрбандар мен қираулау жайлы ақпарат әзірге түскен жоқ. Өзен жағалауындағы аудандарда цунами қаупі туралы хабарланған жоқ.