Индонезияда 80-нен атам адам лай көшкінінің құрбаны болды

АСТАНА. Қазанның 6-сы. ҚазАқпарат - Индонезияның шығысындағы Батыс папуа уәлаятында су тасқыны мен соның салдарынан орын алған лай көшкінінің салдарынан 86 адам құрбан болды.

Индонезияда  80-нен атам адам лай көшкінінің  құрбаны болды

Тағы 80 адам түрлі жарақат алды. Ондаған адам із-түзсіз жоғалғандар санатында, бірнеше мыңдаған адам уақытша орталықтарға көшірілді, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Апатқа арналарынан тасыған өзен суларының еңістегі елді мекендерді басып қалуы себеп болып отыр. Апат аумағына жеткен әскери кеме зардап шеккендерге шатырлар, дәрі-дәрмектер, азық-түліктер жеткізді.

Билік өкілдерінің айтуынша, су кенеттен келгендіктен, адам құрбаны көп болып отыр.

«Іздеу жұмыстарын әлі жүргізіп жатырмыз, табылмаған бірнеше ондаған адам бар, бірақ олардың тірі қалғандығына сеніміміз азайып барады», - дейді «Франс Пресс» агенттігіне сұхбат берген іздеу-құтқару қызметінің өкілі Мохамад Арифин.

Судың екпіні жүздеген үйлерді, кеңселер мен мектептерді, жолдар мен көпірлерді шайып кетіп отыр.

Метеорологтар, ағымдағы жылы Индонезияның нөсер жауыннан, дауылды желден және биік толқындардан қатты зардап шегіп отырғанын айтуда.