Индонезияда 87 тұтқын түрмеден қашып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезия полициясы елдің батысында Банда-Ачех қаласындағы түрмеден қашып кеткен 87 адамды іздеп жатыр. Бұл туралы Associated Press агенттігі жұма, 30 қараша күні хабарлады.
Жазасын өтеушілер 720 сотталушыға намаз оқу үшін камерадан шығуға рұқсат еткен кезде қашып үлгерген.
«Олар күзетшілерді соққыға жыққан. Бірақ, олардың жарақаты аса ауыр емес», - деп атап өтті АР.
Аталып өтілгендей, барлығы 113 адам қашуға әрекеттенген. Олардың 26-сын ұстап қалса, қалған 87-і әзірге бостандықта жүр. Банда-Ачеха полициясы қаладағы жолдарды жауып, қашқындарды іздеп жатыр.