Индонезияда әуе апатының салдарынан 98 адам құрбан болды

ДЖАКАРТА. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат - Соңғы мәліметтер бойынша, Индонезияда болған әуе апатының құрбандар саны 98 адамды құрады, 12 адамның жағдайы ауыр,

Индонезияда  әуе апатының  салдарынан 98 адам  құрбан болды
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Естеріңізге сала кетейік, Ява аралының шығыс бөлігінде C-130 Hercules әскери-тасымалдау ұшағы апатқа ұшыраған. Ұшақ кеше, мамырдың 20-сы күні таңертең жоспарлы жаттығу кезінде әскери аэродромға 5-7 шақырымдай жетпей құлаған. Құлағаннан кейін машина өртенген. Бұған дейін 97 адамның құрбан болғаны хабарланған еді. Ұшақ бортында 100-ден астам адам болған. Зардап шеккендердің арасында ұшақ құлаған кезде үйлері зардап шеккен жергілікті ауылдың тұрғындары да бар көрінеді. Оқиғаның нақты себебі әзірге анықталған жоқ.