Индонезияда автобустың апаты 16 адамның өмірін қиды
АСТАНА. 21 тамыз. ҚазАқпарат - Индонезияның Батыс Ява провинциясындағы көлік апаты салдарынан 16 адамның өмірі қиылып, бірқатар адам жарақат алды.
ВВС-дің жазуынша, алдын ала мәлімет бойынша 60-қа жуық жолаушысы бар автобус тау курортынан ел астанасына келе жатқанда тежегіші істен шыққан көрінеді. Бұдан кейін жолаушылар көлігі қарсы жүріп келе жатқан автокөлікке соқтығысып, осыдан соң қос көлік те сегіз метр биіктіктен өзенге құлаған.
Жол-көлік оқиғалары Индонезияда қауіпсіздік стандарттарын орындамау және жолдардың мүшкіл жағдайынан жиі болып тұрады. Көлік министрлігінің мәліметіне қарағанда, жыл сайын миллионнан астам индонезиялық елдің жолдарында опат болады екен.