Индонезияда батып кеткен кеменің 69 жолаушысын іздеу жалғасып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM — Қыркүйектің басында Индонезияға тиесілі кеменің батып кетуінен мерт болғандар саны 66-ға жетті, деп хабарлайды Kazinform Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Құтқарушылардың кемеде болғандарды іздеп жатқанына 16 күн болды. 69 жолаушыдан әлі күнге хабар-ошар болмай отыр.
Теңіз түбіне кеткен, су сыйымы 4277 тонналық кемені сүңгуірлер мұқият зерттеп жүр. Іздеу жұмыстарына кеменің қираған бөліктері, шашырап жатқан үшкір заттар кедергі жасап жатыр әрі кеменің аударылып кету қаупі де бар. Бұдан тыс, жиналып қалған газдар және кеменің отыны да жұмысты қиындатып отыр.
Еске сала кетейік, Индонезияда шамамен 240 адам мінген жолаушылар кемесі Ява теңізінде байланысқа шықпай қалды.
Кейін кеме табылды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, 110-ға жуық адам құтқарылды. Сол кезде бір жолаушының қаза тапқаны расталған еді.