Индонезияда бокстан кейінгі қыспақтан 18 адам қаза тапты
АСТАНА. 15 шілде. ҚазАқпарат - Индонезияның шығысында бокс жекпе-жегінен кейін болған қыспақтың салдарынан кем дегенде 18 адамның өмірі қиылды.
Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.
Боксшының бірінің жеңілісінен кейін, екінші боксшының жанкүйерлері төрешінің шешімімен келіспей тәртіпсіздік орнатты.
Осыдан кейін жекпе-жекті тамашалауға келген бір жарым мың көрерменнің көпшілігі стадионнан кетуге әрекет жасаған. Қыспақ салдарынан көбінесе әйелдер мерт болды.