Индонезияда бортында 200 адам бар паром отқа оранды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Индонезия жағалауында бортында 200-ге жуық адам болған паром өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Индонезияда бортында 200 адам бар паром отқа оранды

Табиғи апаттардың салдарын жою бойынша жергілікті басқарма қызметкерінің хабарлауынша, борттағы адамдардың барлығы құтқарылған, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Алайда оқиға кезінде кемедегідер қатты үрейленген.

«Борттағы адамдардың барлығы құтқарылды және жақын жердегі аралға жеткізілді», - деген Табиғи апаттардың салдарын жою бойынша басқарманың ТЖ бойынша бөлім басшысы Ахмад Сангаджидің сөзін келтірді агенттік.

Оқиға орнына құтқарушылар мен еріктілер келді.