Индонезияда бортында жүзден астам адам бар ұшақ апатқа ұшырады

ДЖАКАРТА. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат – Ява аралының шығыс жағында бүгін Hercules әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады.

Индонезияда бортында жүзден астам адам бар ұшақ апатқа ұшырады
Бұл туралы Индонезия Әскери-әуе күштері өкілдері мәлімдеді. Әуе кемесінің бортында 100-ден астам адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Индонезиялық әскерилердің айтуынша, көліктік ұшақ жоспарлы оқу миссиясын атқару үстінде әскери әуежайға 5-7 шақырым қалғанда апатқа ұшырап, жалынға оранған. Қазірде оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Соңғы мәліметтер бойынша, авиаапаты кезінде 97 адам қаза болды, тағы 15 адам әртүрлі жарақат алды. Қаза болғандардың арасында жергілікті тұрғындар да болуы мүмкін, өйткені ұшақ құлап бара жатып үйлерге соқтығысқан.