Индонезияда цунами құрбандарының саны 413 адамға жетті
АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Индонезияда цунами құрбандарының саны 413 адамға жетті, тағы 300-дей адам із-түзсіз жоғалып отыр. Құтқарушылардың зардап шеккен алыс елді-мекендерге жете алмай отырғанын айта кету керек, ол жақтағы жағдай туралы ақпарат жоқ,
деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Суматра аралының батыс жағалауындағы индонезиялық Ментавэй архипелагы осыдан үш күн бұрын цунамидың жолында қалған болатын. Апаттың салдарынан ең аз дегенде алты деревня жоқ болып кетіп отыр, тағы 20 шақты елді мекен қатты зардап шеккен.