Индонезияда көпірдің құлауынан 18 адам жапа шекті

АСТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Индонезиядағы Борнео аралында көпірдің құлауынан 18 адам жапа шегіп, 20 адам жоғалып кеткен. Бұл туралы құтқарушылар хабарлады. Әуелде 4 адамның қаза болғаны жайлы ақпарат таратылған еді.
None
None

Шығыс Калимантан ауданында Махакам өзеніндегі көлік көпірі жөндеу жұмыстарының барысында құлап кетті. Бұл оқиға 26 қарашада орын алған. Көпірді ұстап тұрған болат арқан үзіліп кеткен.

Соңғы жаңалықтар