Индонезияда қуаты 7 баллдық жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Индонезияның архипелагы Талауд аралында қуаты 7 баллдық жер сілкінісі болды.
None
None

АҚШ-тың Геологиялық қызметінен хабарланғандай, жергілікті уақыт бойынша жерасты дүмпулері 65,5 шақырым тереңдікте тіркелді, зілзаланың кіндігі Ла Мира қаласынан 51 шақырым жерде орналасты, деп хабарлады РБК.

Құрбандар мен қирандылар жайлы ақпарат әзірге түскен жоқ. Жер сілкінісіне жақын орналасқан аудандарда цунами қаупі туралы хабарланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар