Индонезияда құмар ойынға салынған ер адам 11 айлық баласын сатып жіберген

АСТАНА. KAZINFORM – Индонезиялық ер адам ақшасын құмар ойынға жұмсау үшін 11 айлық ұлын сатып жіберген. Бұл туралы «Daily Mail» хабарлады.

Бір жастағы түркістандық сәби тауықтың сүйегін жұтып қойды
Фото: pexels.com

Атап өтілгендей, әкесі құмар ойындарға тәуелділігін қаржыландыру үшін келісім-шартқа отырған. Ер адамның баланы сатудан 800 долларға жуық ақша алғаны белгілі болды. Оқиға анасы ұлының жоғалып кеткенін байқап, полицияға хабарласқанда анықталған.

Нақты айғақтардан кейін индонезиялық ер адам қылмысын мойындаған. Баланы сатып алушылар адам саудасына күдікті ретінде қамауға алынған, олар үлкен мөлшерде айыппұл төлеуі және 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, Қазақстанда да 2021-2023 жылдары балаларды жыныстық құлдыққа салудың 13 фактісі тіркелген. Нәтижесінде 12 адам жазаның әртүрлі мерзіміне (10 жылға дейін бас бостандығынан айыру) сотталды, бір күдікті үй қамағында.

Соңғы жаңалықтар