Индонезияда құс тұмауынан төрт адам қаза болды

МӘСКЕУ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат – Индонезияда 2009 жылғы қаңтар-ақпан айларында құс тұмауынан төрт адам қаза болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Құс тұмауының таралуын бақылау жөніндегі жергілікті комиссия өкілдерінің хабарлауынша, олардың бәрі де үй құстарын өсірумен айналысқан. Сонымен Индонезиядағы құс тұмауы құрбандарының саны 119 адамға жетті. Әлемде адамға қауіпті H5N1 штаммы індеті 250-ден астам адамның өмірін қиды. Ғалымдар болашақта вирус мутацияға ұшырап, адамнан адамға жұғуы мүмкін деп қауіптенуде.
Соңғы жаңалықтар