Индонезияда күші 6,2 балдық жер сілкінісі болды

ДЖАКАРТА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат –Индонезияда магнитудасы 6,2 балдық жер сілкінісі болды.
None
None
Жерасты дүмпулері Кепулаун Барат Дайа ауданында - Танимар аралындағы Саумлаки қаласынан 315 шақырым жерде қаңтардың 23-і күні жергілікті уақытпен сағат 5:16-да (мәскеу уақыты бойныша, қаңтардың 22-сі 23:16-да) тіркелген. Бұл мәліметтерді бүкіл әлем бойынша сейсмикалық белсенділікті тіркеуші АҚШ-тың Геологиялық қызметі хабарлап отыр. Зілзала салдарынан зардап шеккендер мен орын алған қираулар туралы әзірге ешқандай ақпарат түскен жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.
Соңғы жаңалықтар