Индонезияда күшті жер сілкінісі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Индонезияда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) сайтында хабарланды, деп жазды Oxu.Az.

Индонезияда күшті жер сілкінісі болды
Фото: oxu.az

— Жер сілкінісінің ошағы Соронг қаласынан оңтүстікке қарай 295 шақырым жерде орналасқан. Апат ошағы 34 шақырым тереңдікте орналасқан. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ, — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, кеше Жапонияның Нагано префектурасында 5 балдық жер сілкінісі болды.  Цунами қаупі жоқ екені айтылды.

 

Соңғы жаңалықтар