Индонезияда магнитудасы 6,7 балдық зілзала болды

АСТАНА. Қарашаның 9-ы. ҚазАқпарат - Индонезияда дүйсенбі, қарашаның 9-ында магнитудасы 6,7 балдық жер сілкінісі   болды,

Индонезияда магнитудасы 6,7 балдық зілзала болды

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро. Ру сайтына сілтеме жасап.

Американдық сейсмологтардың деректері бойынша зілзаланың кіндігі Сумбава (Sumbawa) аралындағы Раба қаласынан 16 шақырым қашықтықта орын алған.Индонезиялық метерологиялық агенттіктің өкілдері зілзала салдарынан зардап шеккендер мен қираулардың жоқ екенін хабарлады. Жерасты дүмпуі арал тұрғындарының арасында дүрбелең туғызған жоқ.