Индонезияда Мерапи жанартауы атқылауынан қаза болғандар саны 156 адамға жетті

АСТАНА. 8 қараша. ҚазАқпарат - Индонезияда Мерапи жанартауы атқылауынан қаза болғандар саны 156 адамға жетті. 7 қарашада жанартау атқылауы жалғасып, ауаға тастар мен газ тасқыны көтерілді, төмен қарай лава құйылды,

Индонезияда Мерапи жанартауы атқылауынан қаза болғандар саны 156 адамға жетті

деп хабарлайды РБК United Press International агенттігіне сілтеме жасап.

Жанартау атқылауының күштілігі сонша, 6 қарашада әлемдік кейбір әуе компаниялары Индонезияның астанасы Джакартаға ұшу сапарларын кейінге қалдыруға шешім қабылдап жатты. Апат аймағынан ел үкіметі 200 мыңға тарта адамды қауіпсіз аймақтарға көшірді.

Мерапи Ява аралында орналасқан. Индонезиядағы ең белсенді жанартау болып табылады. Осындай тірі атқылаулар онда шамамен жеті жылда бір қайталанып тұрады.