Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Индонезияда миллион литрге жуық дизель отыны құйылған танкер ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзияда 900 мың литр дизель отынын әкеле жатқан мұнай танкері ұрланды.

 Индонезияда миллион литрге жуық дизель отыны құйылған танкер ұрланды

Малайзиялық  теңіз полициясы агенттігіне сілтеме жасап, Reuters  хабарлағандай,  оқиға Индонезия акваториясында орын алған.   Vier Harmoni аталатын кемені белгісіз біреулер иеленген  кезде малайзиялық порттан Таньюнг-Пелепасқа шыққан.

Қазір кеме Индонезия солтүстігінде Батам аралындағы суда. Қаскүнемдердің кім екені анықталуда. Борттағы отын құны 396 мың долларға бағаланып отыр.