Индонезияда минералдық кенді экспорттауға тыйым салынды

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Индонезияның президенті Сусило Бамбанг Юдхойоно өндіруші өнеркәсіп тарапынан наразылықтар толқынын туындатқан минералдық кен экспортына тыйым салу туралы түзетілген заң жобасына қол қойды.

Индонезияда минералдық кенді экспорттауға тыйым салынды

Заңның бастапқы нұсқасын саясаткерлер елдің экономикасына кері әсер етіп, жаппай жұмыссыздыққа әкеледі деп сынаған болатын. Ол заң белгілі бір минералдардың экспортына толықтай тыйым салуды көздеген.

Жаңа нұсқада кен концентраттарын экспорттауға үш жыл ішінде рұқсат берілетін болады.

Үкімет бұл заң арқылы алдағы уақытта өздерінің қайта өңдеуші өнеркәсібін жандандыруды мақсат тұтады.

Қазір минералдық кен елдің барлық экспортынан түсетін табыстың 5%-ын береді.