Индонезияда сапасыз алкогольден 24 адам көз жұмды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияның Орталық Ява провинциясында сапасыз алкогольден 24 адам көз жұмды. Тағы 22-сі ауруханаға жатқызылған.

Индонезияда сапасыз алкогольден 24 адам көз жұмды

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, осы іске қатысы бар екі адам қолға түскен, деп жазады russian.rt.com. Олар сапасыз алкогольді сатқан.

«Полиция құрамында улы заты бар алкогольді сараптамаға жіберді», - дейдә жергілікті полиция өкілдері.

Айта кетейік, Индонезиядағы арақтан улану көп жағдайда ауылды жерлерде болады. Тұрғындардың көбінде лицензиясы бар ішімдік алуға мүмкіндік жоқ.