Индонезияда шахтаның опырылуынан 20 алтын іздеуші мерт болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Калимантин провинциясының шалғай ауданында шахтаның опырылуы салдарынан заңсцз алтын өндірумен айналысатын Индонезияның 20 тұрғыны мерт болды, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.
«Алтын іздеуші-шахтерлер болып жұмыс жасайтын 18 ер адам мен екі әйелдің мүрдесі қараңғы түскесін ғана шығарылды», - деп мәлім етті провинцияның полиция бастығы бригада генералы Ариф Сулистианто.
Алтынға әлемдік бағалар өсуіне байланысты Индонезияда осы бағалы металді заңсыз өндіру жұмыстары ерекше қарқын алды. Бұдан үш ай бұрын Папуа провинциясының шығысындағы елді мекендердің онға тарта тұрғыны Паниаи ауданында жер қыртысының ығысуынан қазаға ұшырады. Іздеу құтқару жұмыстарына джунги арасына өту мүмкін болмағандықтан қиындық келіп, оқиға орнына тікұшақпен ғана баруға тура келді.
Жарты жыл бұрын сегіз алтын іздеуші батысявандық Богор қаласының маңында шахта опырылуынан қазаға ұшыраған болатын. 2009 жылы да Суматрадағы Савахлунто қаласының маңындағы шахтада жарылыс болуы салдарынан жерасты қабаты опырылып, 50-ге тарта адам көз жұмған еді.