Индонезияда су тасқынынан құрбан болғандар саны 68 адамға жетті

None
None
ДЖАКАРТА. ҚазАқпарат - Индонезияның Орталық Сулавеси (Central Sulawesi) провинциясында болған су тасқыны мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 68 адамға жеткен. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды.

Бұдан бөлек, тағы 47 адам жарақат алған. Бұл туралы Стихиялық апаттардың алдын алу бойынша Ұлттық агенттіктің ресми өкілі Сутопо Пурво Нугрохо хабарлаған.

«25 қаңтарда Индонезия билігі қаза тапқан 59 адам мен із түзсіз жоғалған 25 адам туралы хабарлаған. Қазіргі кезде 47 адам жарақат алып, тағы 3481 адам өз үйлерінен кетуге мәжбүр болды», деп хабарлады EFE агенттігі.

Фото: fromua.news

Соңғы жаңалықтар