20:15, 24 Сәуір 2021 | GMT +5
Индонезияда сүңгуір қайық экипажының опат болғандығы жарияланды
НҰР- СҰЛТАН ҚазАқпарат – Индонезия билігі 21 сәуірден бастап байланысқа шықпаған, елдің әскери теңіз күштерінің (ӘТК) KRI Nanggala 402 сүңгуір қайығының суға батқандығын мәлімдеді. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Онда 53 адамның мерт болғаны атап өтілген. Барлап тексеру нәтижесінде сүңгуір қайық 850 м тереңдікте табылған.
Сүңгуір қайықтағы оттегі қоры болжам бойынша 23 сәуірде жергілікті уақытпен сағат 3:00 таусылған. Оны іздеуге Ресей, АҚШ, Франция, ГФР, Үндістан және Түркия ұсыныс жасады.
Еске сала кетсек, бұдан Индонезияның іздеушілері жоғалып кеткен «Нангала» суасты кемесін Бали теңізінің түбіндегі 850 метрге жуық тереңдіктен анықтағандығын, индонезиялық құтқарушылардың жұма күні Бали теңізінде жоғалып кеткен «Нангала» сүңгуір қайығын іздеуді қайта бастағандығын жазған болатынбыз. Операция аумағына барлығы 21 кеме, соның ішінде тереңдікті барлайтын теңіз аппараттары бар океанографиялық кеме тартылды.