Индонезияда табиғат апатынан қаза болғандар саны 400 адамға жетті
АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Цунамидің нәтижесінде және жанар тау атқылауынан Индонезияда қаза болғандар саны 400 адамға жетті, - деп хабарлайды Лента.ру Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.
Әсіресе, жер сілкінісіне алып келген цунамидің қиратушы күші анағұрлым басымдау болды. Соның салдарынан Батыс Суматраның жағалауы түгелге жақын қирап қалды. Цунамидің жойқын күші, соңғы мәліметтер бойынша 370 адамның өмірін қиып кетті. Магнитудағы жер сілкінісі қазанның 25-інде 7,7 баллға жетті.
Жер сілкінісінен кейін бір тәулік өткенде Ява аралында Мерапи жанартауынан тозаң аралас вулкан атқылады. Кейінгі мәліметтерге жүгінсек, осының салдарынан 33 адам көз жұмған. Бұған дейін жергілікті халықты жаппай көшіру жұмыстары басталған болатын.